Құрметті талапкерлер мен ата – аналар!
Біз сіздердің қандай оңай емес жағдайда екендіктеріңізді түсінеміз. Өзге елге оқуға түсу – әдетте қосымша әуреге салып жатады. Біз сіздерден уайымға салынбауларыңызды сұраймыз. Біздің ұжым сіздерге жан-жақты көмек көрсетуге әзір. Сіздер оқуға түсуге қажетті барлық құжаттарды алдымен скан түрінде жолдап, аттестаттың немесе бакалавр дипломының түпнұсқаларын соңынан тапсыра аласыздар. Егер көңіліңізде оқу басталатын уақытта шекаралар жабылық қалса не істеу қажет…және сол сарындағы өзге де сауалдар туып жатар болса, біз сіздерді өз тарапымыздан ондай жағдайға да дайын екендігімізге сендіргіміз келеді. Біздің ұжым дәстүрлі білім берумен қатар жоғары оқу орнымызда ең жоғары деңгейде онлайн – білім алуды ұсынады. Сондықтан да қамықпаңыз. Біз сіздерді қиын жағдайда жалғыз қалдырмаймыз.
Мамандық
„ТУРИЗМ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯ”
2022/2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АКТУАЛДІ МАМАНДАНУ БАҒЫТТАРЫ
БАКАЛАВРИАТ 3 жыл
(күндізгі оқу нысаны)
1. Қонақ үй шаруашылығы мен қоғамдық тамақтандырудағы менеджмент
2. Халықаралық туризмдегі электрондық бизнес
3. Туризм мен рекреациядағы менеджмент
МАГИСТРАТУРА Business English – пен 2 жыл
(күндізгі оқу нысаны)
1. Адам ресурстарын басқару / HRM /
2. Кәсіпкерлік, туризм мен демалыс менеджменті
Гданьсктегі Туризм мен қонақ үй бизнесінің жоғары мектебі поляк және орыс тілдерінде бакалавриатта 3 жыл және магистратурада 2 жыл білім алуды ұсынады.
Орыс тілінде білім алу ерекше әрі өз бағытында бірегей. Аталған бағдарлама арқылы сіз поляк (еуропалық) жоғары оқу орнында поляк және ағылшын тілдерін білместен білім алу мүмкіндігіне ие боласыз. Оқу бағдарламасы шеңберінде бірінші курс бойы студенттер поляк тілін терең әрі жүйелі меңгерумен қатар, барлық пәндерді орыс тілінде оқиды. Бірінші курстың соңында студенттер келешек мамандану бағытын таңдап, келесі курстан бастап барлық пәндерді ішкі топтарда (мамандану бойынша) поляк тілінде жалғастырады.
Магистратурада оқу ұзақтығы 6 емес 4 семестрді құрайтындықтан, студенттер орыс тілінде тек алғашқы семестр бойы ғана білім алып, ол аяқталысымен өз мамандану бағытын таңдайды. Одан әрі оқу ішкі топтарға (мамандану бойынша) бөлініп, поляк тілінде жалғастырылады.
Әдетте оқуға түспестен бұрын талапкерлерді: «қай мамандану бағытында орыс тілінде оқи аламын?» деген сауал өте жиі мазалайды. Тізімдегі кез келгенін! Сол себептен де бағдарлама, сіз, орыс тіліндегі оқу кезеңін аяқтаған сәтте поляк тілінде еркін сөйлеп, мамандану бағытын дұрыс таңдауыңызға есептеліп даярланған.
Біздің оқытушыларымыздың көпшілігі бизнес саласында тәжірибесі бар мамандар. Сондықтан да, дәрістер уақытында мұқияттылық танытып, өзіңіздің келешегіңіз үшін қажетті машық пен байланыстарға қол жеткізу маңызды.
Барлық мамандану бағыттары сіз туризмнің, қонақ үй және мейрамхана бизнестеріндегі трендтер туралы актуалді ақпаратты алуыңызға арнайы ойластырылған.
Біздің жоғары оқу орнында білім беру күндізгіден өзге сырттай оқу бөлімі (айына екі уикенд), сонымен қатар қашықтықтан білім беру нысаны арқылы жүргізіледі. Аталған білім беру түрлері тек поляк тілінде жүзеге асырылады. E–learning – бұл арнайы платформаны пайдалана отыра ұдайы негізде қашықтықтан оқыту. Сөз болған оқыту формасындағы білім берудің 60 % e-learning платформасын пайдалану арқылы жүргізілсе, кезекті 40% сабақтар студенттің оқытушымен кездесуі арқылы атқарылады. Аталмыш оқыту нысанында оқу жылы бойына 3 сессия жоспарланып (қараша, қаңтар және маусым айларында), оларға бірнеше күн бөлінген.
Мамандықтар 2022/2023
Бакалавриат
1. Қонақ үй шаруашылығы мен қоғамдық тамақтандырудағы менеджмент
Мамандандыру пәндерінің үлгілері
– Қонақ үй және қоғамдық тамақтану салаларындағы қызметтерді бағалау
– Қонақ үй индустриясы мен қоғамдық тамақтану саласындағы қазіргі трендтер
– Қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану мекемелерін жайластыру – орнықтырудағы қазіргі трендтер
– HoReCa индустриясындағы қызмет сапасы
– HoReCa – ғы құқықтық аспектілер
– Дағдарыс менеджменті (сертификат)
– Мультимәдени командалардағы даму мен мансап
– HoReCa индустриясының экономикалық аспектілері
– SPA және Wellness салаларындағы жабдықтау мен басқару
– Бизнес/электрондық коммерция, бағаны басқару, пакеттер мен арнайы ұсыныстар үшін маркетинг пен заманауи шешімдер
Қонақ үй-туристік индустриядағы менеджмент – бұл сала бойынша ғана білім алу емес, ол ең алдымен кәсіби менеджер игере алатын нарықтағы қазіргі талаптар мен қиындықтарға қатысты кең мағынасындағы қатынас.
Оқытудың мақсаты
Аталған мамандану бағытына оқыту қонақ үй шаруашылығы мен қоғамдық тамақтану салаларында халықаралық стандарттарға сай басқарушылық функцияларын атқаруға қажетті білім мен машықтарды игеруге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде қоғамдық тамақтану мекемелерінің, сонымен қатар, қонақ үй объектілерінің мән – маңызын, ұйымдастырылуын, қызмет етуі мен дамуын құқықтық, әлеуметтік – экономикалық және технологиялық талаптар тұрғысынан, сонымен бірге, қонақ үй және қоғамдық тамақтандыру мен клиенттерге қызмет көрсетудің маркетингін білу.
Түлек бейіні
Аталған мамандану бағытының түлектері, күмәнсіз, қонақ үй және қоғамдық тамақтану салаларындағы сұранысқа ие кәсіби мамандар болып табылады. Оқу бағдарламасы кешенді болғандықтан, өз кезегінде, оның шеңберінде білім алушыны мультимәди командаларда еңбек ету мен мансаптық даму немесе дағдарыстық басқару сынды қазіргі уақыт қиындықтарына дайындайды. Ал өз салалары бойынша эксперттер болып табылатын біздің оқытушылар студенттерді көптеген қызықты жобаларға қатыстырады. Түлектер басқарушылық функцияларын атқаруға, сонымен қатар, мейманхана, қонақ үй кешендерін өз бетімен басқаруға даяр болып шығады.
2. Халықаралық туризмдегі электрондық бизнес
Мамандандыру пәндерінің үлгілері
– Халықаралық туризмдені е – бизнес
– Маркетинг және туристік өнімнің жасалынуы
– Халықаралық туризмеді е-relationship management
– Халықаралық туризмдегі құқық
– Халықаралық туристік менеджмент
– Электронды бизнестегі ақпараттық қауіпсіздік
– Халықаралық туризмнің электронды бизнесіндегі трендер мен өткізу әдістері
– Туристік индустриядағы брондау жүйесі мен электронды технологиялар
– Халықаралық туризмдегі дағдарысты жағдайлар мен қатерлер
– Басқарушылық машықтарына жаттықтыру (сертификат)
Халықаралық туризмдегі электронды бизнес – бұл туристік индустриядағы технологиялардың дамуы мен 21 ғасыр әлеміне терезе!
Оқытудың мақсаты
Халықаралық туризмдегі Е-бизнестің мақсаты студенттерді электронды туризм субъектілерінің әлемімен таныстыру. Біз студенттерді туризм және қонақ үй индустриясындағы электронды бизнестің жұмыс жасау әдістерімен таныстырамыз әрі жақындастырамыз. Дей тұрғанмен, біз, ерекше басымдықты туристер және қонақ үй клиенттерімен эклектронды байланыстарды дұрыс жүргізуге береміз.
Осы мақсатта студенттер пайдаланыстағы соңғы трендтермен, технологиялық инновациялар мен салалық шешімдермен танысады. Олар электронды басқару және электронды маркетинг бойынша практиктерден кәсіби түрде берілетін машықтарды игереді. Сонымен бірге, білім алушылар кәсіби салада жетістікке жеткізетін басқарушылық машықтармен де танысады.
Түлек бейіні
Түлектер жекелей алғанда, электронды бизнестегі қауіпсіздік пен ақпарат туралы біліммен, нарықтағы виртуалды туризм навигацияларының құпияларымен және виртуалды туристік компанияны жүргізудің қағидаларымен танысады. Сонымен бірге, оқыту электронды туристік агенттікті басқару техникасын немесе бизнесті шынайы уақытта басқару қосымшасын пайдалануды игеруге мүмкіндік береді.
3. Туризм мен рекреациядағы менеджмент
Мамандандыру пәндерінің үлгілері
– Бос уақыт аниматоры (сертификат)
– Жобаларды басқару
– Туристік саланың дамуындағы қазіргі тенденциялар
– Туризмнің экологиялық таза менеджменті (green tourism)
– Белсенді туризм (slow tourism, well being)
– Туризм мен рекреациядағы маркетинг
– Туристік сала клиенттеріне қызмет көрсетудің сапасы
– Е – демалыс және туризм
– Өзгерістерді басқару әдістері
– Дағдарыс менеджменті
Туризм мен рекреациядағы менеджмен – тек қана оқыту емес, сонымен бірге қоршаған кәсіби және іскерлік мүмкіндіктерге жаңа шығармашылық көзқарасқа даярлық.
Оқытудың мақсаты
Қазіргі туристік – рекреациялық нарық барған сайын талапшыл бола түсуде. Онда өз орныңды табу үшін тек қана кешенді білім мен кәсіби машықтар, шет тілдерін білу мен қазіргі уақыт технологияларығана емес, сонымен қатар,креативтілік және өз ісіңе деген құштарлық қажет. Әрине, шығармашылық пен құштарлыққа үйрету мүмкін емес, бірақ оларды ынталандыруға және дамытуға болады. Сондықтан да, біз студенттердің жеке, соның ішінде экономикалық ортамен ынтымақастық шеңберінде көптеген пәнаралық жобаларын барынша қолдап, оларға көмек көрсетеміз.
Түлек бейіні
Аталған мамандану бағытының түлектері туризм мен рекреация саласында қызмет көрсететін, мысалы қонақ үй индустриясы, гастрономия, демалыс, іс-шараларды ұйымдастыру және өңірлерді таныту сында көптеген мекемелерде жұмыс жасауға дайын.
Мамандану бағытын тәмамдаған түлектер өз саласында да, сонымен бірге, экономиканың өзге салаларында да кәсіби және басқарушылық лауазымарда ұтымды жұмыс жасайды. Оның себебі оқу үдерісінде жалпылық және арнайы білімді қолданумен байланысты.
Студенттерге арнайы мамандану бағытында сертификацияланатын курстарды оқу мүмкіндіктері беріледі. Өз біліктіліктерін көтерген түлектер оқытушыларға, тренерлерге арналған, сауықтырумен айналысатын немесе өзге де спорттық пәндер оқытушылары, ал студенттерге келсек, өз қызметтерін көрсетуге барлық ниеттілерге қонақ үйлерде, санаториялар мен туристік – санаторлық орталықтарда тұратын адамдардың бос уақыттарын жоспарлау мен ұйымдастыру және белсенді демалыс бойынша жаңа біліктіліктер беріледі.
ЗАПИШИСЬ!
Жоғары оқу орнына түсу үшін келесі құжаттар қажет: Бакалавриат және магистратурада орыс тілінде білім алу
на русском языке
- Орыс тілінде оқитын шетелдіктерге арналған сауалнама (Оны төлқұжаттағыдай ағылшын әріптерімен толтырыңыз!)
- Жүйесінде аттестат беретін оқу орны жұмыс істейтін мемлекетте ЖОО-ға түсуге конкурсқа қатысуға құқық беретін қосымшасы және апостилі * бар оқуға түсу туралы куәлік және оның поляк тіліне аудармасы арнайы (присяжный) аудармашымен орындалады. Аудармашы Польша Республикасы Әділет министрлігінің аудармашылар тізімінен немесе куәлік берілген елдегі консулдық РП мекемесінің аудармашысы болу қажет.
Куәлікте куәлік берілген мемлекетте ЖОО-ның кез келген түріне түсуге арналған конкурсқа қатысу құқығын растайтын аннотация болмаса, төмендегідей анықтаманы қоса беру қажет:
куәлік берілген мемлекеттің білім беру саласындағы органдары немесе Польша Республикасының аумағында аккредиттелген куәлік берілген мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі немесе сол мемлекетте Польша Республикасының консулдығында берілген куәлік.
Кейбір жағдайларда Польшаға келгеннен кейін орта білім туралы аттестат қосымша нострификациядан өтеді.
*Халықаралық шарттарға сәйкес Беларусь және Украина азаматтары үшін апостиль қою талап етілмейді. Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Армения азаматтары куәліктері мен бакалавр дипломына апостиль қоюға міндетті. - Сауалнамадағы деректерді тексеру үшін төлқұжат (төлқұжатты оқуға келгеннен кейін қыркүйек/қазан айларында көрсетуге болады)
- 35×45 мм 1 түсті фотосурет, сондай-ақ 35×45 мм сканерленген 1 фотосурет (ағылшын әріптерімен тегі және аты-жөнімен қол қойылған және jpeg форматында foto@wstih.pl мекенжайына жіберілген, 300dpi)
- Өтініш берушінің ата-анасының/заңды қамқоршысының келісімі нотариалды куәландырылған және поляк тіліне аударылған – бұл кәмелетке толмаған үміткерлерге тиісті (туған күні 1.X.2003 жылдан кейін ) қолданылады. Егер кәмелетке толмаған талапкердің ата-анасы университетке өзі барса немесе құжаттарды өз электронды поштасынан жіберсе, оларды нотариалды куәландыру және аудару қажет емес. Жай ғана екі бланкты толтыра аласыз (орыс және поляк тілдерінде оқуға және келісімге қол қоюға келісім беру).
- Деректерді тексеру үшін сақтандыру (оқуға келгеннен кейін қыркүйек/қазан айларында көрсетілу қажет)
- Университетте оқу туралы келісім бакалавр/магистратура келісімі және қосымшамен бірге (2 дана), әр бетте қол қойылған болуы қажет. Келісімшарт және оның қосымшасының полякша бөлігі ағылшын әріптерімен, ал орысша бөлігі – орыс тілінде толтырылуы қажет.
* Магистратурада оқу үшін қосымшамен бірге аяқталған жоғары білім туралы дипломды (бакалавриат дәрежесін), сондай-ақ апостиль мен арнайы аудармасын (присяжный перевод) ұсыну қажет.
2022/2023 оқу жылында оқуын бастаған шетелдік студенттер шәкіртақы алуға құқылы:
– Үлгілі нәтиже көрсеткені үшін ректор тағайындаған шәкіртақы (орташа балл жоғары)
– Әлеуметтік шәкіртақы*
Бұл тақырып бойынша ақпаратты оқуға қабылданғаннан кейін Moodle платформасында оқуға болады.
Шәкіртақыны бірінші курстан кейін алуға болады.
Назар аударыңыз! Тек Гданьск қаласындағы Туризм және қонақ үй бизнесі жоғары мектебінде Сіз толығымен бірегей бағдарлама бойынша ОРЫС ТІЛІНДЕ білім ала аласыз!
2022/2023 оқу жылына қабылдау
Поляк тілінде оқыту
ЖОО-на қабылдаудың онлайн тәртібін, сондай-ақ поляк тілінде оқуға қабылдауға қажетті құжаттарды мына жерден табуға болады: https://wstih.pl/rekrutacja/
Поляк тілінде оқуға қабылдауға қатысты барлық сұрақтарды rekrutacja@wstih.pl мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз (Сізге поляк тілінде жауап беріледі)
Биылғы оқу жылында біз поляктар мен поляк тілінде оқитын шетелдіктер үшін бірдей оқу ақысын тағайындадық.
ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ
Оқу ақысы «ТУРИЗМ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯ» 2022/2023
Бакалавриат
Күндізгі білім беру бөлімі
Бірінші курстың құны 10000 PLN. Төлемнің 2 нұсқасы бар: бірден жыл бойына төлеу (100000 PLN) немесе семестрде бір рет төлеу (бірінші семестр – 4900 PLN (30.09.2022 дейін төленген жағдайда 200 PLN жеңілдік), екінші семестр – 5100 PLN).
Алғашқы жарнасы 500 PLN. Жеңілдік 30.09.2022 жылға дейін оқуға қабылдау жарнасын (85 PLN), алғашқы жарнасын 500 PLN және оқу жылы/семестрі үшін төлем + студенттік билетке (22 PLN) төлеген жағдайда беріледі.
Екінші семестрдің соңында мамандық таңдаған соң, үшінші семестрден бастап поляк тілінде оқытуға ауысасыз. Бүкіл екінші курстың құны 6400 PLN болады. Бұл бағаға поляк тілінде қосымша сабақтар мен курстық жұмысты жазу кіреді. Сіз толық үшінші курс үшін 5400 PLN төлейсіз.
Орыс тілінде оқуға қабылдауға қатысты барлық сұрақтарды studia_ru@wstih.pl электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз (Сізге орыс тілінде жауап беріледі).
ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ
Оқу ақысы «ТУРИЗМ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯ» 2022/2023
Business English бойынша Магистратура
Күндізгі білім беру бөлімі
Бірінші курстың құны 8300 PLN. Төлемнің 2 нұсқасы бар: бірден жыл бойы (8300 PLN) немесе семестрде бір рет төлеу (бірінші семестр – 5100 PLN (30.09.2022 дейін төленген жағдайда 600 PLN жеңілдік), екінші семестр – 3200 PLN)
Алғашқы жарнасы 500 PLN. Жеңілдік 30.09.2022 жылға дейін оқуға қабылдау жарнасын (85 PLN), алғашқы жарнасын 500 PLN және оқу жылы/семестрі үшін төлем + студенттік билетке (22 PLN) төлеген жағдайда беріледі.
Екінші семестрден бастап оқыту поляк тілінде жүргізілетін болады.
Екінші жылдың толық құны (үшінші және төртінші семестрлер) 5900 PLN құрайды.
Орыс тілінде магистратура 10 үміткер болған жағдайда ғана басталады.
Орыс тілінде оқуға қабылдауға қатысты барлық сұрақтарды studia@wstih.pl мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз (Сізге орыс тілінде жауап беріледі).
Академиялық айырмашылық – Магистратура
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАЗЫЛУ
Қабылдау комиссиясы – тел. +48 692 881 326
studia_ru@wstih.pl (орыс тілінде жауап беріледі)
Біздің Фейсбукке қосыл
Гданьск қаласындағы Туризм және қонақ үй бизнесі жоғары мектебі
Ul. Miszewskiego 12/13 (Мишевскьего көшесі 12/13)
80-239 Gdańsk (80-239 Гданьск)
e-mail: wstih@wstih.pl
www.wstih.pl
шот нөмірі
Santander Bank Polska S.A.V Oddział w Gdańsku, ul. Miszewskiego 12/14
11 1090 1098 0000 0000 0905 0835
code SWIFT WBKPPLPP
code IBAN: PL 11 1090 1098 0000 0000 0905 0835
Wyższa Szkoła Turystyki i Hotelarstwa w Gdańsku
ul. Miszewskiego 12/13
PL 80-239 Gdańsk, Poland
Tel. +48 58 520 26 14 wew. 159
тел. +48 692 881 326
e.mail: rekrutacja@wstih.pl (поляк тілінде жауап беріледі)
e.mail: studia@wstih.pl (орыс тілінде жауап беріледі)